KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

«Кешке ұзату тойы өтеді»: Мақпал Жүнісова қуанышты жаңалығын бөлісті

• Дархан Тоқан
Сурет ашық дереккөзден алынған

Қазақстанның халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалығын жариялады, деп хабарлайды kznews.kz,  Buginmedia.kz-ке сілтеме қалдыра отырып.

Өнер иесінің айтуынша, Ақерке есімді бойжеткенді Бекдәулет ата-анасымен бірге келіп, қазақтың салт-дәстүріне сай өз шаңырағына алып кеткен.

«Ақерке қызымызды Бекдәулет ата-анасымен бірге келіп, шаңырағынан алып кетті. Анамыз ақ батасын берді. Кешке мейрамханада ұзату тойы өтеді. Баршамызға жұғысты болсын», – деп жазды әнші.

Осылайша Мақпал Жүнісова оқырмандарымен отбасындағы қуанышты сәтті бөлісіп, жас жұбайларға ақ тілегін жеткізді. 

Дархан Тоқан
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →