Астанадағы халықалалық форумда басты назар жасанды интеллект емес, Telegram негізін қалаушы Павел Дуров пен әзилкеш Нұрлан Сабуровқа ауысқандай болды, деп хабарлайды Kznews.kz
Дуров сахнаға шамамен жарты сахатқа кешігіп келді. Кешели бері жартылай бос тұрған орындар миллионер сахнаға беттегенде лезде лық толып, ақ басар жер қалмады. Қатаң күзет қойылып, сұрақ қоюға мүмкіндік берілмеди. Он шақты кзетші есіктің алдын торып, типти фотоға түсіруге де тыйым салынды.
Дуровпен қатар форумның тағы бір басты жұлдызы – әзілкеш Нұрлан Сабуров. Ониң сахнаға шығуын жастар дүркірей қолдап, форумы шоуға айналдырды. Сабуров әдеттегідей өз сөзін әзілмен бастап, миллионерден «ұлттық тағамнан дәм таттыңыз ба?», – деп сұрады. Бірақ, Дуров:
- Жоқ, дәм татпадым. Десе де, барлығыңызға сәттілік тілеймин, – деп қалжың аралас жауап берді.
Шенеуніктер қалтасы қалың шетелдік мейман келген сайын бірден шапан жауып, ұлттық тағам ұсынатын. Алайда, бұл жолы Дуровқа шапан түгілі, қазақы дастарханды да ұсынбағаны таң қалдырды.