АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэлаға қатысты мәлімдеме жасап, елге жасалған соққы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.
Оның айтуынша, АҚШ қысқа мерзімде ірі нәтижелерге қол жеткізе алатын мемлекет. Трамп Каракаста электр жарығының өшкенін айтып, Венесуэла басшылығына қатысты қатаң мәлімдеме жасаған.
«Ешбір мемлекет АҚШ сияқты аз уақытта жетістікке жете алмайды. Кеше Каракаста жарық сөнді. Мадуро жұбайымен бірге тұтқындалды. Олар Америка соты алдында жауап береді», – деді ол.
Сондай-ақ АҚШ президенті алғашқы соққының сәтті өткенін атап өтіп, қажет болған жағдайда әрекетті жалғастыруға дайын екенін жеткізді.
«Бірінші соққы өте сәтті болды. Қажет болса, екінші толқынды жасауға дайынбыз. Мүмкін, оған қажеттілік те туындамас. Бірақ біз ең ірі соққыны жасауға әзірміз. Венесуэла халқының қауіпсіз өмір сүруі үшін барымызды саламыз», – деп мәлімдеді Дональд Трамп.