Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Кентауда қоқыс контейнерінен жаңа туған сәбидің денесі табылды

Кентауда қоқыс контейнерінен жаңа туған сәбидің денесі табылды

Қазір баланың анасын табу жұмысы жүріп жатыр

Кентау қаласында қоқыс контейнерінен жаңа туған нәрестенің денесі табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды kznews.kz. Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазір баланың анасын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Полиция қызметкерлері үй-жайларды аралап тексеру жұмысын жүргізуде, бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп, жақын маңда тұратын тұрғындар мен мүмкін болатын куәгерлерден жауап алынып жатыр. Сондай-ақ медициналық ұйымдар да тексерілуде.

«Тергеу аясында барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады полиция департаменті.

Ведомство мәліметінше, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.