Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Кенияда лаңкестер қонақүйге шабуыл жасады: 15 адам қаза тапты - Жаһан

Кенияда лаңкестер қонақүйге шабуыл жасады: 15 адам қаза тапты - Жаһан

Сейсенбіде Кения астанасы Найроби қаласында орналасқан Dusit қонақ үйіне шабуыл жасап, жарылыс ұйымдастырды, - деп хабарлайды жергілікті Citizen телеарнасы. Оқиға салдарынан 15 адам қаза тапты, 30-дан аса адам жарақа алды. Қонақ үйден 174 адам эвакуацияланды. 

Жарылыстан кейін лаңкестер құқық қорғау органдарымен қақтығыстар ұйымдастырған. Шабуылды радикалды исламшыл "Аш-Шабаб" тобы өз мойнына алды. 

Осыған дейін ғимаратта әлі де адамдар бары және эвакуация әлі жүргізіліп жатқаны хабарланды. Қаза тапқан адамдардың кім екендер құжаттары арқылы белгілі болды. Ұлыбритания және АҚШ-тың екі азаматы, сондай-аұ 11 кениялық азамат қайтыс болған. Екі адамның құжаты болмаған. 

Жергілікті Star газеті полициядағы дереккөзге сілтеме жасап Кения қауіпсіздік күштері барлық алты лаңкестің көзін жойғанын хабарлады. Бесеуін арнайы жасақ өкілдері атыс кезінде өлтірген, ал біреуі өзін-өзі жарып жіберген. 

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz
Автор
Санжар