KZNEWS.KZ
Қоғам

Кенесары ханды қорлаған қыздарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

• Асқар Алтайұлы
Фотоиллюстрация: Kznews

Адвокат бұған дейін құқық қорғау органдарына жүгініп, қыздардың айтқан сөздеріне құқықтық баға беруді сұраған. Оның айтуынша, аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған, деп хабарлайды kznews.kz.

Шекеев тарихи тұлғаларға қатысты қорлайтын сөздер олардың бүгінгі ұрпақтарының да ар-намысына тиетінін атап өтті.

«Ұлттық болмысымыз бен ата-бабаларымыздың рухына тіл тигізу ар-намысқа тиеді. Кенесары болсын, басқа бабаларымыз болсын, олардың ұрпақтары бүгінде арамызда жүр. Жаман халық болмайды, жаман адамдар болады», – деді адвокат.

Еске салайық, шамамен бір ай бұрын әлеуметтік желіде Астанада алмасу бағдарламасы бойынша оқыған екі қырғызстандық студенттің онлайн эфирінен үзінді тараған. Видеода олар Кенесары хан туралы қорлайтын пікір білдірген. Қыздардың бірі Қырғызстанда ханның бас сүйегінен шарап ішетіні туралы мәлімдеме жасаған.

Бұл сөздің тарихи шындыққа қатысы расталмаған. Алайда бейнежазба Қазақстан мен Қырғызстанның әлеуметтік желілерінде кең тарап, екі елде де наразылық туғызған.

Адвокаттың мәлімдемесінде істің Қылмыстық кодекстің қай бабы бойынша тіркелгені және тергеудің өзге деректері көрсетілмеген.

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →