“Жұбайымды шәкіртіме әйелдікке бердім” деген тұрғын жауапкершілікке тартылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Келісімшартқа қол қойды». Канело – Головкин ІІІ жекпе-жегі өтетін болды

«Келісімшартқа қол қойды». Канело – Головкин ІІІ жекпе-жегі өтетін болды

НВО телеарнасының сарапшысы Рикардо Селис биыл қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес үшінші рет жұдырықтасатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Селистің сөзіне сенсек, Головкин DAZN платформасымен келісімшартқа отырған. Канело да сол платформанияның клиенті саналады.

«Канело – GGG ІІІ жекпе-жегіне дайындалыңдар. Головкин жаңа ғана DAZN-мен келісімшартқа қол қойды. Енді кездесу мамырда T-Mobile Arena-да өтеді», - деп жазды журналист.

Канелоның промоутері Оскар де ла Хойя да трилогия бойынша Головкинмен келіссөздердің басталғанын мәлім етті. Ол келіссөзге DAZN-ның да араласатынын айтып қалды, бірақ ресми түрде әлі ештеңе жарияланбады.


prosports.kz
Автор
Жандос