Шығыс Қазақстан облысының Бобровка ауылында тұрғын үй өртеніп, оқиға орнынан әйел мен кәмелетке толмаған екі баланың денесі табылды, деп хабарлайды kznews.kz.
«Өртті сөндіру кезінде әйел мен кәмелетке толмаған екі баланың денесі табылды. 63 шаршы метр аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді», – делінген ведомство хабарламасында.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Оқиғаның өзге де мән-жайы әзірге жарияланған жоқ.