Бойжеткенге "қырыңдаймын" деп артынан аңдыған астаналық 10 тәулікке қамалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Келіншек пен екі бала”: ШҚО-да өрттен кейін сұмдық жағдай белгілі болды

“Келіншек пен екі бала”: ШҚО-да өрттен кейін сұмдық жағдай белгілі болды
Фото: ҚР ТЖМ

Төтенше жағдай орнына өрт сөндірушілер жеткен кезде жалын үйді толығымен шарпып, ғимараттың шатыры опырылып түскен.

Шығыс Қазақстан облысының Бобровка ауылында тұрғын үй өртеніп, оқиға орнынан әйел мен кәмелетке толмаған екі баланың денесі табылды, деп хабарлайды kznews.kz.

«Өртті сөндіру кезінде әйел мен кәмелетке толмаған екі баланың денесі табылды. 63 шаршы метр аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді», – делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Оқиғаның өзге де мән-жайы әзірге жарияланған жоқ.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.