KZNews.kz
Шоу-бизнес

Келінім мен қарт анам бар: Балғынбек Имашев 7 баласымен қаңғып далада қалды

Айжан Сыланова
Фото: ашық дереккөз

Танымал айтыскер ақын Балғынбек Имашев баспанасыз, қарт аансы, келіні және жеті баласымен қаңғып қалды, деп хабарлайды kznews.kz skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол бүгінде жалдамалы пәтерде тұрып жатқанын ашық айтты. Оның айтуынша, қарыздарын жабу үшін осыған дейін жинаған барлық дүние-мүлкін сатуға тура келген.

«Қарыздан құтылу үшін үйімді, көлігімді бәрін саттым. Қазір 7 балам бар, келін түсірдім, анам бар, бәріміз жалдамалы үйде тұрамыз. Балаң алдады, сенің кесіріңнен базарға кірдік, саған сендік деген сөздер ауыр тиді жүрекке»,- деді ол Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында.

Еске салайық, ақынның жеке кәсіпкерлікпен айналысатын ұлы қажылық сапарын ұйымдастыра алмай, тұрғындар алдында қарыз болып қалған еді.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →