Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Келінім емге мұқтаж еді»: күдіктінің анасы қайғылы оқиға жайлы жаңа деректер айтты

«Келінім емге мұқтаж еді»: күдіктінің анасы қайғылы оқиға жайлы жаңа деректер айтты
Алаш коллажы

Жангелдин ауылындағы Қарабалиндер қазасына қатысты күдікті ретінде аталған Сұлтан Сәрсемалиевтің анасы келіні Ақбаян Мұқанғалиеваның денсаулығына байланысты тың жайттарды жария етті. Бұл пікір видеожазбада айтылды, деп хабарлайды kznews.kz. Alash.kz -ке сілтеме беріп.

Журналист Жанар Молдашеваның видеосында күдіктінің анасы Гүлнар Азмұқанова келінінің жүйке жүйесіне қатысты сырқаты болғанын және дәрігерлер бақылауында жүргенін жеткізген. Оның айтуынша, Ақбаян бесінші перзентін дүниеге әкелгеннен кейін психологиялық күйзеліске түсіп, ем қабылдауға мұқтаж болған. Сол себепті отбасы шетелге жиі шығып тұрғанын да осы жағдаймен байланыстырған.

Гүлнар Азмұқанова сапар бағыттарының бірі Түркия болғанын атап өткен. Сондай-ақ ол бұл жолсапарлардың шығынын марқұм Мақсот Қарабалин малын сатып, өзі өтегенін айтады. Яғни күдіктінің анасы отбасының шетелге шығуын «ем-дом іздеу» ретінде түсіндіруге тырысқан.

Еске салсақ, 6 қаңтарда Жангелдин ауылында ерлі-зайыпты Қарабалиндердің мәйіті өз үйлерінің қорасынан табылған. Қазір олардың күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиев басты күдікті ретінде халықаралық іздеуге жарияланған. Болжам бойынша, ол Индонезия аумағында жасырынып жүруі мүмкін.

Сонымен бірге отбасының тағы екі мүшесі — Наурыз бен Мейрамгүлдің қайда екені әлі белгісіз. Ал күдіктінің әйелі Ақбаянға қатысты ресми түрде іздеу жарияланғаны жөнінде ақпарат жоқ.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер