Алматы облысында балаларды ұрған мешіт ұстазы қызметінен босатылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанның бұрынғы Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысы қамауға алынды

Қазақстанның бұрынғы Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысы қамауға алынды
Қанат Ниязбеков. Фото: видеодан кадр

Қазақстанның бұрынғы Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ішкі істер министрлігі Tengrinews.kz редакциясының сауалына берген жауабында оның Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қозғалған қылмыстық іс аясында ұсталғанын хабарлаған.

"ІІМ-нің әскери-тергеу бөлімшесі Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу аясында қызметіне салғырт қарады деген күдікпен Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы, 1-дәрежелі капитанды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады", – деп хабарлады ІІМ.

Сот санкциясымен оған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Қанат Ниязбеков 3 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылған болатын.

Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында өткен әскери оқу-жаттығу кезінде 17 әскери қызметші Каспий теңізіне түсіп кеткен. Үшеуі аман қалып, 14 әскери қызметші қаза тапқан. Осы оқиғадан кейін тергеу басталып, жауапты тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп жатыр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер