KZNEWS.KZ
Әлеумет

Қазақстандық блогер Назар Ролланға іздеу жарияланды

• Жарқын Омаров
Фото: instagram.com/nazarrollan

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында блогерге қатысты іздестіру ісі тіркелгені көрсетілген. Мәліметке сәйкес, іс 2026 жылғы 14 қазанда басталған.

Іздестіруді Қазақстан Ішкі істер министрлігі бастаған. Ал іздеу шараларын Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр.

Блогердің нақты қандай себеппен іздеуге жарияланғаны әзірге белгісіз.

Назар Роллан әлеуметтік желілерде арандатушылық сипаттағы видеоларымен, соның ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзған сәттері түсірілген бейнежазбаларымен танылған. Осы оқиғадан кейін блогерге қатысты бес әкімшілік хаттама толтырылған.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →