Өзгерістер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 9 қазандағы №398 бұйрығымен бекітілген.
Жаңа ережеге сәйкес:
әлеуметтік аударымдар 6–12 ай жүргізілсе, төлем 1 айға тағайындалады;
12–24 ай аударым жасалса, төлем 2 айға беріледі;
аударымдар 24 ай және одан көп уақыт жүргізілсе, төлем 3 айға тағайындалады.
Төлем мөлшері жеті ең төменгі жалақының 45 пайызынан аспауға тиіс. Есептеу кезінде азаматтың төлем алуға құқығы пайда болған күні қолданыста болған ең төменгі жалақы мөлшері ескеріледі.
Оқу жәрдемақы алуға кедергі болмайды
Жұмысынан айырылған азамат кәсіби оқудан өтсе де, әлеуметтік төлем тоқтатылмайды. Төлем адамның оны алуға құқығы пайда болған күннен бастап тағайындалады.
Бала күтімі бойынша төлемге де өзгеріс енгізіледі
Бұған дейін 2027 жылғы қаңтардан бастап қазақстандық әйелдерге жұмыс істей отырып, бала бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты жәрдемақы алуға рұқсат берілетіні хабарланған. Мұндай шектеу 2023 жылғы наурыздан бері қолданыста болған.
Алайда жәрдемақыға өтінішті бір рет қана беруге болады. Төлемнен бас тартып, жұмысқа шыққан әйелдер оны қайта рәсімдей алмайды.