Әнші Сәкен Майғазиевтің анасы дүниеден өтті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда ең төменгі жалақы 2027 жылы өсуі мүмкін

Қазақстанда ең төменгі жалақы 2027 жылы өсуі мүмкін
ашық дереккөз

Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері 2027 жылдан бастап көтерілуі ықтимал. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Құрылтайда өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Министрдің айтуынша, ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі үкімет пен Президент әкімшілігі деңгейінде талқыланып жатыр. Алайда әзірге нақты шешім қабылданбаған.

Қазіргі уақытта 2027–2029 жылдарға арналған бюджет жобасында ең төменгі жалақыны 85 мың теңге деңгейінде сақтау қарастырылған. Үкімет жалақыны көтерудің бірнеше нұсқасын қарастырғанымен, олар бюджет жобасына әлі енгізілмеген.

«Жақын арада нәтижелері жарияланады деп ойлаймын. Бірақ нақты мерзімін айта алмаймын», – деді Серік Жұманғарин.

Журналистер министрден бұған дейін ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі бюджет жобасы бірінші оқылымға шығарылғанға дейін талқыланатыны айтылғанын еске салды. Бұған жауап ретінде Жұманғарин бюджет үш оқылымнан өтетінін және мәселені талқылауға әлі уақыт бар екенін жеткізді.

«Бұл – жақын болашақта шешілетін мәселе. Егер жалақы көтерілсе, өзгеріс келесі жылдан бастап күшіне енеді», – деді ол.

Ең төменгі жалақы қаншаға өсуі мүмкін?

Қазақстанда ең төменгі жалақы 2024 жылдан бері 85 мың теңге деңгейінде сақталып келеді. Бұған дейін оны 110 мың теңгеге дейін көтеру ұсынылған. Ал 2026 жылы Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин бұл көрсеткішті 150 мың теңгеге дейін жеткізу мүмкіндігі қарастырылып жатқанын айтқан.

Серік Жұманғариннің сөзінше, жалақыны көтеру туралы түпкілікті шешім бюджет мүмкіндігіне байланысты болады.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі