Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 22 қыркүйектегі №1474 Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді, деп хабарлайды kznews.kz
Кеңес құрамына мәслихат депутаттары, қоғам және мемлекет қайраткерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, журналистер, ғалымдар, кәсіпкерлер, спортшылар, құқық қорғаушылар және қоғамдық ұйым мүшелері кірді.
Тізімде барлығы 126 адам көрсетілген. Олардың қатарында Қазақстанның Еңбек Ерлері Геннадий Зенченко мен Тұрсынбек Мақышев, Олимпиада чемпиондары Юрий Мельниченко мен Ислам Байрамуков, қоғам қайраткерлері Нұрсұлтан Жақыпов, Ермұрат Бапи, Нұртөре Жүсіп, сондай-ақ әртүрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері бар.
Жарлыққа сәйкес, Қазақстан Халық Кеңесінің жаңа құрамы құжатқа қол қойылған күннен бастап күшіне енді.