“Оқиға орнына әкім жетті”: Атырауда тұрғын үйде лифт құлап, адамдар ауруханаға түсті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақмыс Жезқазған мыс балқыту зауытындағы 250-ден астам электролиз ваннасын жаңартады

Қазақмыс Жезқазған мыс балқыту зауытындағы 250-ден астам электролиз ваннасын жаңартады
фото: ашық дереккөз

Қазақмыс Жезқазған мыс балқыту зауытының мыс электролизі цехындағы жабдықтарды жаңартуға кірісті.

Қазақмыс Жезқазған мыс балқыту зауытының мыс электролизі цехындағы жабдықтарды жаңартуға кірісті. 2026 жылы жобаны іске асыруға шамамен 745 млн теңге бағытталды, деп хабарлайды kznews.kz

Кәсіпорынға катодты мыс өндіруге арналған жаңа полимербетон ванналарының алғашқы партиясы жеткізілді. Олар химиялық әсерге жоғары төзімділігімен ерекшеленеді және 60 °C-қа дейінгі жұмыс температурасында пайдаланылады.

Алғашқы 24 ваннаны монтаждау жұмысы басталды. 2026 жылдың соңына дейін 250 ваннаны орнату жоспарланған. Жалпы, мыс электролизі цехында 1 872 ванна бар.

Жабдықтарды кезең-кезеңімен ауыстыру электролиз өндірісінің сенімділігін арттыруға, технологиялық үдерістің тұрақты көрсеткіштерін және өндірілетін катодты мыстың сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жабдықтарды жаңарту өндірістік операцияларды орындау жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

Жоба Жезқазған мыс балқыту зауытын жаңғырту бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. 2026 жылы Қазақмыстың жаңа басқару командасы өндірістік активтерді жаңартуға бағытталған жұмысты күшейтіп, жабдықтардың сенімділігіне, жұмыскерлердің қауіпсіздігіне және өндірістік үдерістің тұрақтылығына басымдық берді.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.