KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Қазақмыс Шу ауданындағы спорт инфрақұрылымын дамытуда

• Айжан Сыланова

Жамбыл облысы Шу ауданының Қонаев ауылында воркаут аймағы бар шағын футбол алаңы мен балалар ойын алаңы ашылды. Жаңа нысандар «Қазақмыс» компаниясының қолдауымен Шу ауданының әкімдігімен жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында салынды, деп хабарлайды kznews.kz.

Меморандум аясында жалпы бюджеті шамамен 800 млн теңгені құрайтын тоғыз әлеуметтік жобаны іске асыру көзделген. Олардың қатарында жаңа спорт алаңдары мен кешендерін салу, балабақшаны жөндеу, көшелерді жарықтандыру және әлеуметтік инфрақұрылымға қатысты басқа да жобалар бар.

«Қазақмыс» компаниясы өзінің қатысы бар өңірлердегі әлеуметтік инфрақұрылымды жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп дамытуда. Басым бағыттар қатарында балалар мен жастарға қолайлы жағдай жасау, бұқаралық спортты дамыту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бар.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →