Бағдарлама аясында тереңдігі 800-ден 1 200 метрге дейінгі алты ұңғыма бұрғылау көзделген. Алынған кернге кешенді геологиялық зерттеу жүргізіледі. Бұл кен орнының терең деңгейжиектерінің құрылымын нақтылауға және болашағы бар учаскелерді айқындауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды kznews.kz
Терең бұрғылау – «Қазақмыс» компаниясының минералдық-шикізат қорын дамыту құралдарының бірі. Қолданыстағы кен орындарын тереңдікте зерттеу олардың алдағы әлеуетін бағалауға және болашақтағы геологиялық барлау жұмысының бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.
2026 жылы жаңа басқару командасының келуімен Қазақмыс геологиялық барлау бағытын күшейтіп, компания жұмыс істейтін өңірлердегі болашағы бар учаскелерді зерттеу ауқымын кеңейтті.
«Абыз» кен орнында терең бұрғылау бағдарламасын 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.