KZNews.kz
Спорт

Катарда жарысқа шықпай қойған Ильин денсаулығы мен болашағы туралы мәлімдеме жасады

KZNEWS
Катарда турнирде тұғырға шықпаған қазақстандық ауыратлет Илья Ильин Instagram желісіндегі парақшасында осы жағдайдың себебі мен болашаққа жоспары жайлы жазды.

"Жігіттер, жарайсыңдар! Жылдың соңына қарай барлығы жиналып, еліміз үшін турнир Кубогын жеңіп алды! Біз бірінші орындамыз!" - деп жазды Ильин.

2020 жылы өтетін Олимпиада ойындарына лицензия болатын жарысқа не үшін қатыспағаны жайлы айта келе, спортшы омыртқасындағы жарақатты айтып және оның бір айда жазылып кетпейтінін түсіндіреді.

"Қазіргі уақытта емделіп жатырмын, 2019 жылы сәуірде Қытайда өтетін Азия чемпионатына қатысамын. Неліктен стартқа шығамын дейсіздер ғой? 2020 жылғы Токио Олимпиадасына қатысу үшін, жаңа ережелер бойынша, атлет алты халықаралық стартта өнер көрсетуі керек. Старт бойынша үздік төрттік ары қарай жарысқа қатысады. Сондықтан мен төрт стартқа қатысу керек. Бірақ әзірше, нақты қай старт бойынша қатысатынымды айта алмаймын, бірақ Азия ойындарына қатысуым керек. (...)" - деп жазды спортшы.

Дереккөз: http://kaz.vesti.kz/
KZNEWS
Автордың басқа материалдары