"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Кассалық чек қатерлі ісікке шалдықтыруы мүмкін

Кассалық чек қатерлі ісікке шалдықтыруы мүмкін
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Кассалық чекті азық-түлікпен араластыруға, қоқысқа тастамасы бұрын қолмен мыжуға болмайды

АСТАНА, 17 қаңтар — Sputnik. Испаниядағы Гранада университетінің ғалымдары кассалық чектің адам өміріне қаупін анықтады, деп хабарлайды Gen басылымы.

Белгілі болғандай, Испания, Бразилия және Франциядағы термальды қағаздан жасалған кассалық чектердің құрамында бисфенол А қосылысы бар. Бисфенол әйелдердің жыныс гормоны эстрогенге ұқсас келеді, сондықтан репродуктивті жүйе дерттері мен бірқатар онкологиялық ауруларды тудыруы мүмкін.

Зерттеушілердің қорытындысы бойынша, олар тексерген чектердің басым көпшілігі эстрогенді және антиандрогенді әсерге ие болған. Мұндай кассалық чектерді азық-түліктерге жолатпау керек. Қоқысқа лақтырғанда мыжуға, жазбалар жазып сақтауға болмайды.

Кейбір чектерден ғалымдар қауіпсіз деп саналатын бисфенол S қосылысын тапқан, ол да гормон қызметінің бұзылуына әкеп соғатын көрінеді. Чектер құрамындағы бисфенол мөлшері нормадан 30-100 есе артық болып шықты.

Бисфенол А эстрогеннің ядролық рецепторымен байланысып, кейбір гендердің қызметін өзгертеді. Бұл қосылыстың жыныс мүшелері дертінің туындауына, семіздік пен ракқа шалдығуға себеп болатыны анықталды.

Дереккөз: https://sputniknews.kz/
Автор
Санжар