Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов өңір тумасы, жас сарбаз Бекет Қуандыққа Мемлекет басшысының Жарлығымен берілген «Ерлігі үшін» медалін салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды kznews.kz.
Еске салайық, Бекет Қуандық бұған дейін Каспий теңізінде болған қайғылы оқиға кезінде аман қалған еді. Төтенше жағдай барысында көрсеткен батылдығы мен табандылығы үшін Президент оны мемлекеттік наградамен марапаттау туралы шешім қабылдаған.
«Теңізден аман оралған күн — өмірімдегі ең ұмытылмас сәттердің бірі. Бұл марапат — үнсіз қалған ерліктің белгісі. Жатқан жерлері жарық болсын, қаруластарым!» – деп жазды Бекет Қуандық.
Осылайша, жас сарбаздың ерлігі мемлекеттік деңгейде бағаланып, оған «Ерлігі үшін» медалі табысталды.