KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Каспийдегі қайғылы оқиғадан қаза тапқан сарбазға өзі оқыған колледж ұжымы көңіл айтты

• Қайсар Қанат
Іздестіру операциясы. Фото: t.me/modgovkz

Колледж ұжымы қаралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын жеткізді. Олардың айтуынша, Алмас Көбенов білім ордасында адамгершілігімен, жақсы мінезімен және жарқын бейнесімен есте қалған.

"Жас ғұмырдың осылайша кенеттен үзілуі – отбасы мен туған-туыстары үшін ғана емес, оны таныған барша жан үшін орны толмас ауыр қайғы.

Алмас білім ордасында өзінің адамгершілігімен, жақсы мінезімен, жарқын бейнесімен есте қалды. Оның колледж қабырғасында қалдырған жақсы ізі, ұстаздары мен қатарластарының жүрегіндегі жылы естеліктері мәңгі сақталады", – делінген көңіл айту мәтінінде.

Колледж ұжымы марқұмның ата-анасына, туған-туыстарына, ұстаздарына, достары мен қатарластарына қайғырып көңіл айтты.

"Алла Тағала марқұмның иманын саламат, жанын жәннатта, жатқан жерін жайлы етсін. Артында қалған отбасы мен туған-туыстарына сабыр, төзім және күш-қуат берсін.

Алмастың жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады", – деп жазды "Қайнар" колледжінің ұжымы.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →