Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан аға лейтенант Олжас Мұхтарұлы туған жері Түркістанда жерленді.
Massaget.kz сайтының Instagram парақшасының мәліметінше, әскери қызметшінің денесі бүгін Қорғаныс министрлігінің арнайы ұшағымен Түркістанға жеткізілген.
Қалада Олжас Мұхтарұлын ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтіп, жаназа намазы оқылды.
Одан кейін марқұм туған жерінде жер қойнына тапсырылды.