Каспий теңізінде балық аулап жүрген үш Иран азаматы Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтіп, бір жылға бас бостандығынан айырылды. Сот олардың әрқайсысын елден шығару туралы да шешім қабылдады.
Бас прокуратураның мәліметінше, оқиға 24 шілдеде болған. Үш ер адам ресми рұқсатсыз Қазақстан аумағына өткен. Оларды ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері ұстаған, деп хабарлайды kznews.kz.
Сот үшеуін де алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен мемлекеттік шекараны өткізу пункттерінен тыс жерде қасақана кесіп өткені үшін кінәлі деп таныды.
Әрқайсысына бір жылға бас бостандығынан айыру және Қазақстаннан шығару жазасы тағайындалды.