Алматы облысының Қаскелең қаласында жартылай жалаңаш ер адам Н. Әлімқұлов атындағы мектепке терезені сындырып кірген. Оқиға 11 қарашада сабақ арасындағы үзіліс кезінде болған, деп хабарлайды kznews.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқушылар мен мұғалімдер арасында зардап шеккендер жоқ. Қазір күдіктінің психикалық денсаулығына қатысты тексеру жүргізу жоспарланған.
Мектеп әкімшілігінің хабарлауынша, оқиға кезінде дабыл қағылып, 102 және 103 қызметтеріне хабар берілген. Ер мұғалімдер ер адамды кабинет ішінде ұстап, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен.
Қаскелең қаласының білім бөлімі оқушыларға психологиялық қолдау көрсетілгенін және бұл жұмыс жалғасатынын мәлімдеді.