KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

“Қашып кетті”: Қызылордада көлік қағып кеткен 5 айлық сәби көз жұмды, анасы комада жатыр

• Айжан Сыланова
Фото: ашық дереккөз

Қызылордада жол-көлік оқиғасы салдарынан ауыр жарақат алған нәресте ауруханада қайтыс болды. Баласымен бірге жолда келе жатқан әйелді көлікпен қаққан жүргізуші оқиға орнынан ізін суытқан, деп хабарлайды kznews.kz.

Көлік тізгінінде 2000 жылы туған Алексей Александрович Великов болғаны хабарланды. Қазіргі уақытта полиция күдіктіні іздестіріп жатыр.

Жол апатынан зардап шеккен әйел ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Оның бас сүйегі, қабырғалары мен жамбас сүйегі зақымданып, жансақтау бөліміне жатқызылған.

Әйелдің жанында болған ұлы 2026 жылғы 20 мамырда дүниеге келген. Нәресте басынан жарақат алып, ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқық қорғау органдары жол апатының барлық мән-жайын анықтап, жүргізушінің әрекетіне құқықтық баға беру үшін тергеу жүргізіп жатыр.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →