"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі 6 мамырға дейін ұзартылды. Бұл туралы ҰҚК мәлім мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы төрағасы К. Мәсімов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Ә. Садықұловты қамауда ұстау мерзімі 2022 жылдың 6 мамырына дейін, сондай-ақ бұрынғы орынбасары Д. Ерғожинді қамауда ұстау 8 мамырға дейін ұзартылды", - делінген хабарламада. Сонымен қатар 22 ақпанда лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану күдігі бойынша ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Марат Өсіпов ұсталған болатын.

ҰҚК мәліметінше, оны қамауда ұстау мерзімін үш айға дейін ұзарту туралы материалдар прокуратураға жолданған. Еске сала кетейік, 6 қаңтар күні ҰҚК төрағасы болған Кәрім Мәсімовтің қызметінен кеткені белгілі болды. Кейіннен БАҚ беттерінде Мәсімовтің ұсталып, тергеу изоляторына қамалғаны хабарланды. Оған мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағылуда. Одан бөлек ҰҚК Мәсімовке қатысты билікті күшпен басып алуға тырысты және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген фактілер бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Сонымен қатар 13 қаңтар күні Кәрім Мәсімовтің бұрынғы орынбасарлары да ұсталған болатын.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары