KZNews.kz
Шоу-бизнес

Карантин кезінде Алматы мен Нұр-Сұлтанға ешқандай көлік кіргізілмейді - әкімдік өкілі - Қазақстан жаңалықтары

Нұрсұлтан

Карантин уақытында Алматы мен Нұр-Сұлтанға кімдер кіргізілетіні жайлы айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан ұлттық арнасының "Ашық алаң" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Жүргізушінің "Алматы мен Нұр-Сұлтанға сырттан жұмысқа қатынайтындар жетерлік, олардың қалаға кіруіне шектеу қойылады ма" деген сұрағына Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бас маманы Азамат Рашитов жауап берді.

"Карантин кезінде қалаға азық-түлік транспорттары ғана кіріп шығатын болады. Басқа қалаларға қатынайтын автобустар да тоқтайды", - деді елордалық әкімдіктің өкілі. 

Еске салайық, бұған дейін Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин жарияланатыны жайлы айтылған еді. 


stan.kz
Нұрсұлтан
Журналист
Автордың басқа материалдары →