Қарағандыдағы сауда үйлерінің бірінен 40 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды kznews.kz.
Оқиға 16 қарашада болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, ер адамның мәйіті сауда үйінің екінші қабатындағы ана мен балаға арналған бөлмеден табылған. Сауда орталығы қызметкерлері оны шамамен сағат 18:00-де анықтаған.
Полиция марқұмның өлімін растады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, ер адам өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін. Алайда өлімнің нақты себебі тергеу нәтижесінде белгілі болады.