KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Қарағанды облысында балық аулауға кеткен үш адам суға батып көз жұмды

• Айжан Сыланова
Фото: moe-online.ru

Қарағанды облысында балық аулауға шыққан үш адам, оның ішінде бір әйел қайтыс болды. Олардың денесі Есен өзенінен табылған, деп хабарлайды kznews.kz.

Жоғалған адамдар туралы хабар Төтенше жағдайлар департаментіне сол күні сағат 23:40-та түскен.

Құтқарушылар дереу іздестіру жұмыстарына кірісіп, 18 қарашада сағат 01:18-де үш адамның да денесін судан алып шыққан. Марқұмдар жағадан шамамен 10 метр қашықтықта, 2,5 метр тереңдіктен табылды.

Алдын ала болжам бойынша, балықшылар жұқа мұзға түсіп, оның ойылып кетуі салдарынан суға батқан. Олардың үстінде құтқару кеудешелері болмаған.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →