Қарағанды қаласының тұрғыны Екатерина Приходько марқұм ағасынан қалған баспанадағы үлесті заңды түрде иелену үшін қала әкімі Мейрам Қожықовтың үстінен сотқа шағым түсірді. Сот әйелдің талабын қанағаттандырды, деп хабарлайды kznews.kz.
Алайда мұрагерлік құжаттарды рәсімдеу кезінде нотариус заңда көзделген алты айлық мерзімнің өтіп кетуіне байланысты мұраға құқық туралы куәлік беруден бас тартқан. Осыдан кейін әйел мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіріп, өзін заңды мұрагер деп тануды сұрап, сотқа жүгінген.
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық соты істі қарап, маңызды мән-жайды анықтады. Белгілі болғандай, әйелдің ағасы 2020 жылғы 9 ақпанда қайтыс болғанымен, оның өлімі тек 2026 жылғы 16 маусымда мемлекеттік тіркеуге алынған.
Соттың баспасөз қызметі марқұмның қазасы заңды түрде алты жылдан астам уақыт өткен соң ғана тіркелгенін растады. Осы себепті мұрагерлік құжаттарды уақытында рәсімдеу мүмкін болмаған.