KZNEWS.KZ
Аймақ

Қар, көктайғақ, бұрқасын: 6-8 қазанға ауа райы болжамы жарияланды

• Жарқын Омаров
ашық дереккөз

6-8 қазанда атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Көктайғақ құбылыстары, бұрқасын және екпінді жел болжанады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі, деп хабарлайды kznews.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, ауа температурасы елдің батысында түнде +2+12°С-қа дейін, күндіз +17+22°С-қа дейін жоғарылайды.

Солтүстік-батыста, солтүстікте түнгі ауа температурасы -1-6°С-тан +3+13°С-қа дейін, күндіз 0,+5°С-тан +5+20°С-қа дейін көтеріледі.

Шығыста және орталықта түнде ауа температурасы негізінен 0,+7°С, күндіз +2+15°С болады.

Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнгі ауа температурасы +2+8°С-тан +5+10°С-қа дейін жоғарылайды, таулы аудандарда 1-3°С аяздан 0,+5°С-қа дейін болады. Күндіз ауа температурасы +12+17°С-тан +17+22°С-қа дейін, таулы аудандарда +4+9°С-тан +9+14°С-қа дейін жоғарылайды.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →