Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем элитасына қайта оралды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жаңбыр, үсік: демалыс күндеріне ауа райы болжамы жарияланды

Жаңбыр, үсік: демалыс күндеріне ауа райы болжамы жарияланды
Фото: kazhydromet.kz

"Қазгидромет" РМК 9-11 мамырға ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.

9 мамырда елдің оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде, ал 10–11 мамыр күндері шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Кей жерлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстік өңірлерде шаңды дауылдар болжанады. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түсуі ықтимал.

Ел аумағында ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі. 11 мамырда республиканың солтүстік жартысында түнгі уақытта 1–6 градусқа дейін үсік болуы мүмкін.

Күндізгі ауа температурасы:
батыста +13…+28°С,
солтүстік-батыста +10…+18°С,
солтүстікте +5…+13°С,
орталықта және шығыста +8…+18°С,
оңтүстікте +17…+26°С,
оңтүстік-шығыста +15…+22°С,
таулы аудандарда +8…+13°С болады деп күтіледі.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі