"Халық кеңесін" кім басқарады?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Қанша мемлекеттің арасында қазақша айта алмады”: Теннисшілер шетелде сынға қалды

“Қанша мемлекеттің арасында қазақша айта алмады”: Теннисшілер шетелде сынға қалды
Фото: видеодан скриншот

Даудың туындауына теннистен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Соня Жиенбаева түскен видеоролик себеп болды.

Қазақстан теннис федерациясына қатысты әлеуметтік желіде жаңа дау туындауы мүмкін. Бұл жолы мәселе халықаралық деңгейдегі жарыс кезінде қазақ тілінің қолданылуына байланысты өрбіді, деп хабарлайды kznews.kz Sn.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Бейнежазба «Билли Джин Кинг кап» турнирінің Instagram парақшасында жарияланған.

Роликте әр елдің теннисші қыздарына өз ана тілінде «33 333» санын мүдірмей айту тапсырмасы берілген. Англия, Чехия, Испания, Қытай, Украина және басқа елдердің спортшылары бұл тапсырманы өз тілдерінде орындаған.

Ал Қазақстан атынан видеороликке қатысқан Соня Жиенбаева «33 333» санын орыс тілінде айтты.

Осыдан кейін бейнежазбаның астында қазақстандық теннисшіні сынаған пікірлер көбейді. Пікір қалдырғандардың арасында шетелдік қолданушылар да бар. Олар спортшының Қазақстан атынан сөйлей тұра, қазақ тілін қолданбағанына назар аударған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.