Канье Уэстің концерті Алматы экономикасына 5 млрд теңге табыс әкелді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Канье Уэстің концерті Алматы экономикасына 5 млрд теңге табыс әкелді

Канье Уэстің концерті Алматы экономикасына 5 млрд теңге табыс әкелді
Фото: ашық дереккөздерден

15-тамызда Алматының Орталық стадионында америкалық рэпер Канье Уэстің концерті өткені белгілі.

Осы мәдени шараға әлемнің елуден астам елінен 31 мың көрермен жиналыпты. Оның ішінде шамамен 7700 шетелдік турист бар.

Алдын ала мәлімет бойынша, шетелдік қонақтардың көп келуі қаладағы қонақүй, көлік, қоғамдық тамақтану және басқа да қызметтерге сұранысты арттырған көрінеді.13–16 тамыз аралығында қаладағы қонақүйлердің орташа жүктемесі 98 пайызға жетті. Нәтижесінде концерт Алматы экономикасына шамамен 5 млрд теңге табыс әкелді.

Айтпақшы, ауа райына байланысты концерт бір күнге кейінге шегерілгенімен, іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, Алматының халықаралық мәдени-туристік орталық ретіндегі тартымдылығын арттырды.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.