Танымал әзілкеш Қанат Әлжаппаров концерт барысында Тұрсынбек Қабатов туралы әзіл айтып, жұбайының өзіне берген кеңесін көпшілікке жеткізді. Өнер иесінің отбасылық өмірге қатысты әзілі көрермендердің назарын аударды.
Қанат Әлжаппаров сахнада Тұрсынбек Қабатовты өнердегі және өмірдегі ұстазы санайтынын айтып, осы сөзге жұбайының қалай жауап бергенін әңгімеледі.
Әзілкештің сөзінше, келіншегі оның Тұрсынбекті өнердегі ұстазы ретінде құрметтегеніне қарсы емес. Алайда өмірлік мәселелерде одан ақыл сұрамағанын қалайды екен.
"Мен әрқашан айтып жүремін, Тұрсынбек Қабатов – менің өнердегі, өмірдегі ұстазым. Осылай десем, келіншегім: "Өмірдегі деп айтпашы. Өнердегі ғана ұстазың болсын, өмірде саған сабақ бермесін. Өмірде бірдеңеге миың жетпей жатса, мен-ақ көмектесемін. Ешкімнен ақыл сұрамашы. Астанаға мүлде бармашы", – деді ғой", – деді әзілкеш.
Қанат Әлжаппаров бұл оқиғаны әзіл түрінде жеткізіп, көрермендерді күлкіге қарық қылды.