KZNews.kz
Шоу-бизнес

Канада мемлекет шекарасын жауып тастады - Қазақстан жаңалықтары

Нұрсұлтан

Коронавирустың жаппай таралуына байланысты Канада үкіметі мемлекет шекарасын жабу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо мәлімдеді. 

"Біз Канадада тұрақты үй жоқ және шетелдік азаматтарға елге кіруге шектеу қоямыз. Бұл шектеп дипломаттар мен олардың отбасына жүрмейді", - деді Трюдо. 

Сөзінше, АҚШ азаматтары да Канадаға емін-еркін өте алады екен. 

Сондай-ақ 18 наурыздан бастап халықаралық әуе рейстерін елдегі төрт қаланың - Ванкувер, Калгари, Монреаль және Торонто әуежайлары ғана қабылдайды. Бұған қоса елге коронавирустың алғашқы белгілері бар жолаушыларды алып келуіне тыйым салыныпты. Ал отандарына шетелден оралған азаматтар 14 күнге карантинге жабылады екен. 


stan.kz
Нұрсұлтан
Журналист
Автордың басқа материалдары →