Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Кәмелет жасына толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскен күдікті Ресейден Қазақстанда экстрадицияланды

Кәмелет жасына толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскен күдікті Ресейден Қазақстанда экстрадицияланды

Ресей 16 жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген күдіктіні Қазақстанға экстрадициялады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Бас прокуратураның мәліметінше, ол 2023 жылдың қыркүйегінде Шымкенттегі жалдамалы пәтерлердің бірінде 14 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен.

"Қылмыс жасағаннан кейін ол із-түссіз жоғалып, оған халықаралық іздеу жарияланды. Ол еліміздің Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Ресейдің Новосибирск қаласында ұсталды. Ресей тарапы күдіктіні отанына экстрадициялау туралы шешім қабылдады", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта сотталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыс жасағаны үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары