KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Қайрат Боранбаев тағы да жаңа қызметке тағайындалды

Айжан Сыланова
Фото: ашық дереккөз

«Қайрат» футбол клубының Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетіне қайта сайланды, деп хабарлайды kznews.kz

Жиын қорытындысы бойынша Қайрат Боранбаев федерацияның алдағы төрт жылға арналған Атқарушы комитетінің жаңа құрамына енді.

Бұл туралы «Қайрат» клубының ресми хабарламасында айтылды.

«Қайрат Советайұлына Қазақстан футболын дамыту жолындағы жұмысына табыс тілейміз!» – делінген хабарламада.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →