KZNews.kz
Шоу-бизнес

Кафеде ән айтқандар да алып жатыр: Анасы Қайрат Нұртасқа Халық әртісі атағын беру туралы

Азамат Қойшығара
Видеодан алынған кадр

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасқа “Халық әртісі” атағын беру туралы ұсынысты қолдады, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұған дейін әнші Нұрлан Еспанов сұхбатының бірінде Қайрат Нұртас “Халық әртісі” атануға лайық деп мәлімдеген еді.

“Қайрат Нұртасқа “Халық әртісі” атағын беру керек. Қалай десек те, ол сол атаққа лайық. Кафеде ән айтқандар да сол атақты алып жатыр ғой. Таңғалам да, бізде әншіге атақ беру мәселесі қызық. Мысалы, маған ешқандай атақ берілмеген. Атақ беріле қалса, елден қашып кетпеймін ғой. Сол атақты алғандар баратын санаторийге де бармай-ақ қояйын. Бірақ бізде өнер адамын бағалауда түсініксіз жағдайлар бар ғой”, – деді Нұрлан Еспанов.

Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында Еспановқа ризашылығын білдірді.

“Мойындаудың өзі ерлік қой. Нұрлан інім, өзі ақ жарқын, аузын ашса жүрегі көрінетін, бәрін айта салады, риза болам. Тек Қайрошын мақтайтыны емес, жалпы сондай адам, ешкімге зияндық жасамайды, ренжітпейді де, өмірді кинодағыдай сүре біледі. Алла бақ берсін, жақсы адамым!” – деп жазды продюсер.

Азамат Қойшығара
Автордың басқа материалдары