Ержан Ерболұлы Ертаев Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды kznews.kz
Жаңа вице-министр 1985 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Инновациялық Еуразия университеті мен Анхальт қолданбалы ғылымдар университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2009 жылы жеке компанияда электр механигі болып бастаған.
Кейін энергетика саласында түрлі қызметтер атқарып, Павлодар облысы Энергетика және ТКШ басқармасын, «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ін басқарған.
2023–2024 жылдары Энергетика министрлігі комитеті төрағасының орынбасары болды. 2024 жылғы шілдеден бері Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарды.