Кабулда шетелдіктерге арналған кешеннің аумағында теракт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости мен Ауғанстанның ІІМ ресми өкілінің орынбасары Нусрат Рахимиге сілтеме жасап.
Жарылыс салдарынан, соңғы мәліметтер бойынша, 113 адам зардап шеккен, олардың 23-і - балалар. Кем дегенде төрт адам қаза тапқан.
Ішінде жарылғыш зат болған көлік Green Village кешенінде болған. Жергілікті БАҚ мәліметінше, бұл кешен шетелдіктерге арналған және сайттағы ресми мәліметтерге қарағанда, ол аумақ күзетілген.