“Жұбайымды шәкіртіме әйелдікке бердім” деген тұрғын жауапкершілікке тартылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Этикет жоқ”: Ақтөбе облысы әкімінің қарамағындағыларға тапсырма берген видеосы желіге тарады

“Этикет жоқ”: Ақтөбе облысы әкімінің қарамағындағыларға тапсырма берген видеосы желіге тарады

Ақтөбе облысының әкімі Тоғжанов қарамағындағыларға тапсырма берген видеосы желіде тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Видеода Ақтөбе облысының әкімі қызметіне қайта тағайындалған Ералы Тоғжанов қарамағындағыларға тапсырма беріп, жауабын алып жатыр.

Суық жүзімен, тапсырманың қашан орындалатынын сұрап тұрған әкімнің видеосына желі қолданушыларының пікірін екіге бөлді.  

“Этикет жоқ”, “Біздің шенеуніктерде этикет жоқ. Жарайды кабинетінде отырса екен, бірақ халық пен БАҚ-тың алдында тұр ғой” деген секілді пікір білдірді оқырмандар.

Оқырмандардың бір бөлігі дөрекілікке балап, сынға алса, енді бірі қолдап жатты. “Халыққа жақпайсың. Сөзге жатып алған, құлаққа тебе беретіндер ұнай ма? Басқару стилі нәтиже берсе болды”, -деп жазды енді бір бөлігі.
Автор
Нұрсұлтан