Тәуекел тест-драйвы: Ұлттық банк криптонарыққа 350 млн доллар жұмсамақ
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Электрлік қуат нарығы қарапайым тұтынушыға қалай ықпал етеді?

Электрлік қуат нарығы қарапайым тұтынушыға қалай ықпал етеді?
21 Желтоқсан 2018, 14:06 197 0

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлімдеді.

«Электрлік қуат нарығы тарифтердің ұлғаюына қарай ықпал етпейді. Қазіргі әрекет етуші тариф екі құрауышқа бөлінеді. Бүгінгі тариф электр энергиясының өзіндік құны тарифіне және инвестициялық құрауышқа бөлінген. Соңғысы, міне, қуат нарығына тапсырылып отыр. Яғни, әрбір станция сауда қорытындысы бойынша өз қуатын сатып, инвестициялық бөлікке қол жеткізді. Сондықтан, ақырғы тұтынушы үшін тариф мәселесінде ол ешқандай ықпал етпейді», - деп түсіндірді Есімханов.

Вице-министр атап өткендей, күні бүгінге дейін энергиямен қамтамасыз етуші мекемеге әрбір кватт үшін төлеп келген «дәстүр» тұтынушылар үшін өзгермейтін болады.

Ол шекті тарифтерді тағайындау бойынша жұмыс тобы ауқымды шаралар атқарғанын, сондай-ақ, әрбір станцияның жұмысы мен өндірісі егжей-тегжейлі зерттелгенін мәлімдеді.

«Шығындарға ішкі талдау жүргізу арқылы шығындар есебіне қай тармақтар жататыны нақтыланды. Егер, бұған дейін электр энергиясын өндіру нарықтық механизме болып табылады деген үрдіспен қарап келдік те, бақылау аса қатаң болған емес. Ал, осы жолы біз талаптарды қатаңдатып, өндіріс орындарын күтіп-баптау, аутсорсингтік қызметтерге арналған шығындарды есептен алып тастадық», - деді министрлік өкілі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Арман