| Пәні: Сауат ашу | Тақырыбы: Ұлттық ойындар туралы не білемін? Э э дыбысы мен әріп. |
| Күні:10.03.2017. | Мұғалімнің есімі: Мағжан Әлия |
| Сынып:1"Е" | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
| Сабақ негізделген оқу мақсаттары | Ээ дыбысы мен әріпті тану және ажырату. 1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер,сызба, сурет, белгілер қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу. |
| Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Жаңа білімді меңгереді. |
| Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. |
| Кейбір оқушылар: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
| Жетістік критерийлері | Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
| Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
| Пәнаралық байланыс | Өнер, дүниетану, жаратылыстану |
| Көрнекілік | Бейнелі суреттер, асықтар, дәнді дақылдар, нан, ұн, жарық беретін құрылғы. |
| Тілдік мақсат | Сөздің мағынасын білу, жаңа сөздерді түсіндіру. |
| Негізгі сөздер мен тіркестер: Анықтама берілуі керек сөздер.Экран - теледидар, телефон, компьютер беті.Электр – қуат күшінен алынатын жарық.Элеватор - астықты қабылдап алуға, тазартуға, кептіруге, сақтауға арналған астық қоймасы.Эстрада - сахна және сахнаға шығатын әртістер.Экскаватор - кен өндірісінде, құрылыста, тас, топырақ, кен қазатын, тиейтін машина.Эскалатор – жылжымалы баспалдақ.Экипаж - көлік жүргізу тобы. |
| Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:"Ұлттық ойын" бағдарламасы. |
| Талқылауға арналған тармақтар: элеватор (ұн, бидай, нан) |
| Жазылым бойынша ұсыныстар: Ээ әрпін көркем сауатты жазу. Э әрпі бар сөздерді жазып үйрену. |
| Алдыңғы оқу | Вв дыбысы мен әріп |
| Жоспар |
| Жоспарлаған уақыт | Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) | Ресурстар |
| Басталуы Ынтымақтастық атмосферасы Өткенді шолу Жаңа сабаққа кіріспе"Ой қозғау" | Сабаққа әзірліктерін тексеру. -Балалар,бүгінгі біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр.-Қане қонақтармен сәлемдесейік. Мейірімді жүрекпен,Ақпейілді тілекпен,Үлкенге де сіз,Кішіге де сіз.Сәлемдесеміз біз. -Бүгін нешесі?-Қазір жылдың қай мезгілі?-Көктем мезгілінде неше ай бар?-Бүгін аптаның қай күні?- Ал кеше біз қай дыбысты өттік?- Дұрыс Вв дыбысы.- Вв дыбысы бар қандай сөздерді үйрендік?- Велосипед, трамвай, автобус.- Осы сөздерді буынға бөлейік.(Ережені күнделікті талдау жұмысына сүйене отырып еске түсіру.Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Дыбыс дегеніміз не? (Дыбысты естиміз,айтамыз.) Әріп дегеніміз не? (Әріпті көреміз,оқимыз,жазамыз.)- Жақсы. Бұл сөздер қай ұлттың тілінен алынған?- Орыс тілі.- Керемет, балалар. 1. Жұмбақ шешу.Жіппен келеді,Үзсең сөнеді.(Электр шамы)Диқаншының еңбегін.Қысы - жазы ақтайды,Астықты тазалап,Қай жерде сақтайды?(Элеватор)Жылжымалы баспалдақ,Сатыларын бассаң нақ.Не жоғары, не төменСырғимын да жетем менКөзді жұмып, ашқанша - ақ.(Эскалатор)- Олай болса, айтылған жаңа сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?- Э- Бүгінгі өтетін тақырыбымыз Э э дыбысы мен әрпі.- Мақсатымыз Ээ дыбысын тану, ажырату. 2. Хормен әндетіп айтқызу.(- э - э - э) Э - дауысты дыбыс, сөздің бірінші буынында кездеседі.- Э дыбысы қандай дыбыс?- Дауысты дыбыс. - Оны қалай ажырата алдыңдар? Ережені қайталау. Дыбысты айтқанда ауа еш кедергіге ұшырамай, ұзақ айтылып тұр. Оқулықта қызыл түспен берілген, буын құрайды. 3. Айтылым дағдысы. Экранға назар аударыңыздар. Бүгін эфирде - "Ұлттық ойын" бағдарламасы. -Ал балалар, бізде бүгін "Ұлттық ойын" бағдарламасы және оның жүргізушісі Әділет.(қолында микрофон және қолдан жасалған экран) - Құрметті көрермендер. Бүгінгі эфирде сіздердің назарларыңызда "Ұлттық ойын" бағдарламасы. Енді келген қонақтарымызға сұрақтар қояйық.- Сіз қандай ұлттық ойындарды білесіз?Балалар ұлттық ойындарды атайды. Екі оқушы асық ойынын көрсетеді. | Сергіту сәтіне арналған жинақтар Вв әрпінің үлгісі, бейнелі суреттер Жұмбақтар жинағы Ээ әрпінің үлгісі Асық сүйегі, микрофон. |
| Ортасы Топтық жұмыс Сергіту сәті | 4. Оқылым дағдысы. Оқулықтағы жаңа сөздерді оқып, буындық талдау жасау. Сөздік қорын молайту.эк - ранэ - фирэс - тра - даэ - ле - ва - тор э - лектрэ - ки - пажэс - ка - ла - торэкс – ка - ва - тор5. Жаңа сөздерге анықтама беру.Экран - компьютер беті.Электр - жарық шамы.Элеватор - ұн, бидай, нан. 6. Дыбыстық талдау жасау. Кестемен жұмыс. Топта орындалады. Әр топқа таратпа қағаздар беріледі. Жұмыс соңында әр топтан бір оқушы жауап береді. 1-топ: элеватор2-топ: эскалатор3-топ: экскаватор4-топ: электр Мысалы:1 Сөзді оқы-------------------------- Экскурсия2 Буын санын анықта ---------------Экс - кур - си - я (4 буын)3 Әріп санын анықта ----------------9 әріп4 Дыбыс санын анықта -------------10 дыбыс5 Неше дауысты дыбыс бар-- 4 дауысты дыбыс6 Неше дауыссыз дыбыс бар -----5 дауыссыз дыбысАққу болып ұшамыз,Көлге келіп қонамыз.Көлдің бетін құшамыз,Қайта самғап ұшамыз. | Жаңа сөздер жазылған плакат.Бейнелі суреттер. Компьютер, жарық шамы, бидай, ұн, нан. Тапсырма жазылған қағаздар. Сергіту сәтіне арналған жинақ |
| АяқталуыДәптермен жұмыс. Қорытындылау.Топтық жұмыс. Сұрақ - жауап. Рефлексия | 7. Жазылым дағдысы. Жеке жұмыс.Э - әрпінің баспа, жазба және бас, кіші әріптерімен таныстыру.Тақтада үлгі көрсетіліп тұрады.Кіші және бас әрпін ауада жазып көрсетемін, оқушылар қайталап жазып қол үйретеді.Жазу дәптеріндегі э әрпінің бас және кіші әріптерін көркем етіп жазу.(Э э 34 бет) 8. Шығармашылық жұмыс.Сөздерді араластырып беру."Э немесе Е". - Балалар, біз бүгін қандай әріпті таныдық?- Э қандай дыбыс?- Э сөздің қай жерінде жазылады. | Жұмыс дәптері. А4 қағазы, маркер. |
| Қосымша ақпарат: Элеватор туралы түсінік. Ұн, бидай, нан арқылы сөзге анықтама беру.Асық ойыны. |
| Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс.Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері.АКТ-мен байланыс.Құндылықтардағы байланыс. |
| 1. Топ ішінде көшбасшылықты тапсырамын. 2. Бағалауда әділдікті талап етемін.3. Ашық сұрақтарды көбірек пайдаланамын.4. Толық жауап беруін талап етемін.5. | 1. Топтық бағалау.2. Қалыптастырушы бағалау."Бас бармақ" әдісі. | 1. Өнер, дүниетану, жаратылыстану.2. Электр қуатын қолдануда абай болу керек. Үлкендердің көмегінсіз тоқ көздерін қолданбау. Экскалаторды пайдаланғанда ойнамау.3. Интернет желісінен ресурстар пайдалану.4. Ұлттық ойындарды білу. |
| РефлексияСабақ/ оқу мақсаттары шынайы ма?Бүгін оқушылар не білді?Сыныптағы ахуал қандай болды?Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? | Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
| |
| Қорытынды бағамдау:Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1:2: Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін білдім? |