Маркетплейс нарығы: "Барахолка" мен бутиктердің басына қара бұлт үйірілді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Іздеуде жүрген Оператор РОП бұрынғы құрылтайшысы Біріккен Араб Әмірлігінде ұсталды

Іздеуде жүрген Оператор РОП бұрынғы құрылтайшысы Біріккен Араб Әмірлігінде ұсталды

Іздеуде жүрген "ӨКМ Операторы" ЖШС-нің бұрынғы құрылтайшысы Біріккен Араб Әмірлігінде ұсталды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін "ӨКМ Операторы" ЖШС-нің бұрынғы құрылтайшысы Ш.Мұқтароваға аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен халықаралық іздеу жариялаған болатын. Ол Дубай қаласында ұсталып, Интерполдың көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінің уәкілетті органдары қамауға алды", – делінген Антикор хабарламасында.

Қазір Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы оны экстрадициялау рәсімін жүзеге асырып жатыр.

Бұған дейін Астана қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты "ӨКМ Операторы" басшылары мен бұрынғы Экология вице-министріне үкім шығарғаны туралы жазған болатынбыз.

Айта кетейік, 2022 жылғы 11 қаңтарда Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "ӨКМ Операторы" ЖШС-нің кәдеге жарату алымын жүргізу және кәдеге жарату алымына иелік етуін тоқтату туралы тапсырма берді.

2022 жылы 26 қаңтарда Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ Операторы" ЖШС Басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев ұсталды.

Сол күні "ӨКМ Оператор" ЖШС-нің басқарушы директоры Руслан Шәмшиевтің денесі табылып, елорданың Есіл аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) қылмыстық іс қозғады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, "ӨКМ Операторы" басшылығы шенеуніктермен бірлесіп, 180 млрд теңге жымқырмақ болған.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары