"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Испания қубогында “Барселона” “Реал Мадридті” жеңіп, 16-рет трофейге ие болды

Испания қубогында “Барселона” “Реал Мадридті” жеңіп, 16-рет трофейге ие болды
Фото: championat.com

Испания Суперкубогының шешуші ойынында «Барселона» мен «Реал Мадрид» тартысты матч өткізді. Сауд Арабиясының Жидда қаласындағы «King Abdullah Sports City» аренасында өткен кездесу каталониялық клубтың 3:2 есебімен жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды kznews.kz.

«Барселона» сапында Рафинья екі рет мергендік танытып, матчтың басты қаһарманына айналса, тағы бір голды Роберт Левандовски соқты. Ал мадридтік «Реалдың» голдарын Винисиус Жуниор мен жас шабуылшы Гонсало Гарсия өз еншісіне жазды.

Ойынның соңғы сәттері ерекше шиеленісті өтті. Қосымша уақыттың бірінші минутында «Барселонаның» жартылай қорғаушысы Френки де Йонг қауіпті подкат жасағаны үшін қызыл қағаз алып, командасын он ойыншымен қалдырды. Соған қарамастан, каталондықтар есепті сақтап қала алды.

Осы жеңістің арқасында «Барселона» Испания Суперкубогын 16-рет иеленіп, бұл турнирдегі рекордын нығайтты. Ал «Реал Мадрид» әзірге 13 мәрте ғана трофей көтерген.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.