Иранның Жоғары Көшбасшысы Моджтаба Хаменеи АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған әуе соққылары кезінде жараланған соң, Ресей әскери ұшағымен Мәскеуге жасырын түрде емделуге жеткізілді, деп хабарлайды kznews.kz.
Басылымның хабарлауынша, Владимир Путин жараланған Моджтаба Хаменеиге Мәскеуде емделуді ұсынған. Ол 28 ақпанда АҚШ пен Израиль әуе күштерінің Иран аумағына жасаған алғашқы соққылары кезінде жарақат алған. Содан бері Хаменеи көпшілік алдына шықпаған. Дәрігерлер оның жағдайы тұрақты бақылауды және ауруханада ем қабылдауды қажет ететінін айтқан.
Дереккөз мәліметінше, Ресейде ем алу туралы ұсыныс Владимир Путин мен Масуд Пезешкиан арасындағы телефон әңгімесі барысында көтерілген. Кейін Моджтаба Хаменеи Мәскеу қаласына ресейлік әскери ұшақпен жеткізілген.
Хабарламада рухани қайраткерге жасалған операция сәтті өткендігі айтылған. Қазір ол Мәскеудегі президент резиденцияларының бірінде орналасқан мамандандырылған клиникада ем алып жатыр.
Басылымның жазуынша, оны эвакуациялау шешімі бір жағынан сапалы медициналық көмек көрсету қажеттілігіне байланысты болса, екінші жағынан Израиль тарапынан қауіп сақталуына байланысты қауіпсіздік мақсатында қабылданған.