Маркетплейс нарығы: "Барахолка" мен бутиктердің басына қара бұлт үйірілді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ирандағы этникалық қазақтар Қазақстанға орала ма?

Ирандағы этникалық қазақтар Қазақстанға орала ма?
Ашық дереккөз

Қазақстандағы Иран Ислам Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Әли Акбар Джоукар Иран қазақтары Қазақстанға көшуге өтініш білдірмегенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

"Бүгінге дейін этникалық қазақтар ондай өтінішпен билікке жүгінген жоқ. Тек күнделікті мәселелер, мысалы Қазақстан азаматтары Иранға келгілері келсе хабарласқан. Үкімет жан-жақты қолдау көрсетеді. Қазіргі қиын сәтте де, бұған дейінгі болған ауыр кезеңде де қазақ диспорасы Иранмен бірге болған", –  деді елші.

28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастады. Әуе шабуылы кезінде Иранның рухани көсемі, аятола Әли Хаменеи қаза тапты. Ресми Тегеран қарымта жауап ретінде Таяу Шығыста орналасқан АҚШ-тың әскери базалары мен Израильді зымыранмен атқылап, дрондармен шабуылдаған. Сол уақыттан бері аймақтағы ахуал ушыққан.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі